«ҰНО» АҚ «Паркинсон ауруы. Мультидисциплинарлық тәсіл» дөңгелек үстелі өтеді

жұма,  3  Апрель  2015

11 сәуірде Паркинсон ауруымен күресудің Халықаралық күні аталып өтіледі. Таяудағы уақыттардан бері біздің еліміз де бұл сұрақтан қалыс қалмауда және аталған проблеманы айқындау бойынша іс-шараларға белсенді қатысуда. Ұлттық нейрохирургия орталығында іс-шаралар өткізу дәстүрге айналуда. 10 сәуір күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің базасында Қозғалыс бұзылыстары кабинеті ашылады.   

Ашылудың алдында 3 сәуір күні «Нұр Отан» партиясының бастамасымен  және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовтың басшылығымен  біз «Паркинсон ауруы. Мультидисциплинарлы тәсіл» атты дөңгелек үстел өткізіп, онда Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттерге әлеуметтік  және медициналық көмек көрсетудің түрлі аспектілерінің келешек дамуы мен мүмкіндіктері туралы айтқымыз келеді. Дөңгелек үстелде әртүрлі мамандық иелері кездесіп  Паркинсон аурумен ауыратын пациенттерге әртүрлі көмек көрсету аспектілері туралы заманауи ақпараттарды ұсынады. 

Қатысу тегін. Қатысушыларға сертификаттар беріледі. 

2015 жылғы 3 сәуірде сағат 14.00-де өтетін Дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!  

Сонымен бірге Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформаларын жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылғы  сәуірдің 10-ы мен 17-і аралығында қозғалыс бұзылыстары бар пациенттерге тегін қабылдау өткізетіндігімізді хабарлаймыз.   


тiзiмге қайтару