ҰНО-да «Нейрохирургиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер және Биобанк» конференциясы өтті
жұма, 20 Октябрь 2023
20 қазанда «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Патологоанотомиялық бөлімшесі мейіргер мамандар үшін «Нейрохирургиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер және Биобанк» конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияны «ҰНО»АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директор Жұмабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашты.
Конференция бағдарламасы барысында Патологоанотомиялық бөлімшенің мамандары нейрохирургиядағы молекулалық-генетикалық зерттеу тәжірибесімен бөлісті, орталық жүйке жүйесі ісіктерінің патоморфологиясы мен молекулалық-генетикалық сипаттамасы туралы айтып берді, сондай-ақ «Нейрохирургиядағы биобанк» тақырыбын кең көлемде талқылады.
Конференцияға Патологоанотомиялық бөлімшенің аға зертханашысы-гистолог Ләззат Елубайқызы Мұқалықова, Патологоанотомиялық бөлімшенің маманы, биолог Лаззат Мұратқызы Қалиева және осы Бөлімшенің патологоанатом дәрігері Рустам Мұратұлы Мұратов қатысты.
Патологоанотомиялық бөлімше меңгерушісі, «ҰНО» АҚ профессоры Берік Барлыбайұлы Жетпісбаев қорытынды сөз сөйлеп, нейрохирургиядағы ісіктерді молекулалық-генетикалық зерттеу мен биобанктеудің маңыздылығын атап өтті. Конференция соңында іс-шараның тыңдаушылары мен қонақтары конференцияның ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.







