Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «ҰНО» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Ілиясұлы Өлеңбайға мемлекеттік наградасын табыс етті

сейсенбі,  24  Октябрь  2023

Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «ҰНО» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Ілиясұлы Өлеңбайға мемлекеттік наградасын табыс етті.

Ғабит Ілиясұлы денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Ғабит Ілиясұлын жоғары наградасымен құттықтайды және өз қызметінде одан әрі табыс, бақыт пен отбасылық амандық тілейді!

Өлеңбай Ғабит Ілиясұлы -нейрохирург дәрігер, «Нейрохирургия, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ профессоры. Жалпы практикалық жұмыс өтілі-28 жыл. Балалардағы орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ми және жұлын ісіктерінің хирургиясы бойынша маман. 30-дан астам жарияланымның, өнертабысқа 1-ші патенттің авторы. 2019 жылы Еуразиялық балалар нейрохирургтары қауымдастығының және ISPN халықаралық мектебінің президенті болып 2 жылға сайланды. Беер-шев қаласындағы «Сорока» университеттік клиникасының нейрохирургия бөлімшесінде (Израиль), Нордштадт нейрохирургиялық клиникасында, Ганновер қаласында (Германия), сондай-ақ Париж қаласындағы (Франция) Родшильд клиникасында тағылымдамадан өтті. Бұған дейін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.


тiзiмге қайтару