Литвалық менторлар «ҰНО» АҚ-на келді
дүйсенбі, 9 Март 2015
2015 жылдың 6 наурызында «Ұлттық нейрохирургия орталығы»АҚ-на Литвалық денсаулық ғылымдары университетінен шетелдік жетекші оңалту клиникасының мамандары келді. Ағымдағы жылдың 20 наурызына дейінгі екі апта ішінде клиника жетекшісі, профессор Александрас Кришчюнас оңалту клиникасындағы өзінің ассистенті Юргита Даубариенемен бірге күнделікті консультациялар, шеберлік-класстар өткізуде. Менторлар функциялық нейрооңалту бағыты бойынша емдік-диагностикалық көмек көрсетуде.







