ҰНО дәрігерлері жасөспірімдегі ісікті эндоскоптың көмегімен тіліксіз алып тастады

сейсенбі,  7  Ноябрь  2023


Ұлттық нейрохирургия орталығында бейне мониторингі бар 3D эндоскопты қолдана отырып, тіліксіз мидағы ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасалды.

16 жастағы науқастың ата-анасы Нейрохирургия орталығына қызының денсаулығына шағымданып жүгінді. Науқасты жиі бас ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, ауыздың құрғауы, шөлдеу сезімі, етеккірдің болмауы алаңдатты.

КТ және МРТ суреттеріне сүйене отырып, Нейрохирургия орталығының дәрігерлері жоғарыда аталған барлық белгілерді тудыратын оптикалық нервтердің, мидың супраселлярлық құрылымдарының қысылуымен мидың хиазма-селлярлық аймағының (краниофарингиома) алып ісігі диагнозын қойды.

Балалар нейрохирургиясы және Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшелерінің дәрігерлері мидың хиазма-селлярлық аймағындағы ісікті 3D эндоскопиялық трансназальды-трансфеноидты алып тастау операциясын жасады.

Операция жасаған нейрохирург, Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Данияр Телтаев атап өткендей, эндоскоптың 3D технологиясының артықшылығы - операциялық көру аймағын ұлғайту мүмкіндігі болып табылады, осылайша операция сапасы артады, ісікті толық жою мүмкіндігі беріледі. Бұл әдіс кіші инвазиялы, жоғары технологиялық қол жетімді болып табылады. «Бұл әдіспен пациенттің денесіне операциялық «агрессия» ашық әдіспен салыстырғанда барынша азаяды. Науқас үшін қалпына келтіру кезеңі азаяды, операциядан кейінгі асқыну азаяды. Сонымен қатар, ісік үлкен мөлшерге жетті (4 см – ге дейін) және өмірлік маңызды құрылымдарға - бұл сөйлеу, көру, гормоналды орталық, есте сақтау орталығына көшті. Біздің клиникаға жатқызу кезінде науқастың көру қабілеті нашарлады, сонымен қатар ауыр гормоналды бұзылулар болды. Ісік жойылғаннан кейін барлық функциялар біртіндеп жақсарады деп үміттенеміз».

Операция сәтті жасалды, ісік толығымен жойылды. Жағдайы жақсарған науқас ауруханадан үйге шығаруға дайындалуда. Операцияны өз саласының мамандары - Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Данияр Телтаев, Балалар нейрохирургиясының нейрохирург дәрігері Сапарбек Сейтбеков, анестезиолог дәрігер Джумадулла Шадиев, анестезиолог мейіргер Айгүл Мусина, операциялық мейіргер Айнұр Тұрмашева жүргізді.

Мұндай операциялық араласулар кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда, бір уақытта микрохирургиялық және эндоваскулярлық әдістемені меңгерген мамандардың болуымен, сондай-ақ олардың арасындағы үйлесімді жұмыстармен қол жеткізуге болады.


тiзiмге қайтару