«ҰНО» АҚ профессоры Айгүл Төлепбергенова Ақтау қаласында шебер - класс өткізді

жұма,  10  Ноябрь  2023

6-10 қараша аралығында Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы, «ҰНО» АҚ профессоры Айгүл Төлепбергенова Ақтау қаласының Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы қызметкерлері үшін «Дәрілік және медициналық құралдарды инновациялық басқару» шебер - класс өткізді.

Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады.

«Бүгін аурухана басшылығымен жаңа бөлімшені ұйымдастырудың барлық қажетті мәселелері талқыланды. Барлық мүдделі тұлғалар қатысты. Мен бөлімшелерде қаражатты сақтау ережелерімен таныстым, реанимация бөлімшесіне, жедел блокқа, хирургия, кардиохирургия бөлімшесіне бардым, диализ бөлімшесінде болдым. Дәріхана тексеріліп, осы саланы жаңарту бойынша ұсыныстар берілді. Жедел блокты медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен дербестендірілген қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жоба ұсынылды», – деп атап өтті Айгүл Төлепбергенова. 

Бұл шебер-класқа аурухана басшылары клиникалық фармакологтар, бөлімше меңгерушілері, провизорлар, эпидемиологтар, сондай-ақ осы мекеменің мейіргерлері қатысты.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «ҰНО» АҚ Госпитальдық фармация бөлімшесінің базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам маман оқытылды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Ақтөбе облысының, БҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, СҚО, ОҚО, Алматы, Астана қалаларында қолданыста, ал енді Ақтау қаласының медициналық мекемелерінде белсенді қолданылатын болады.


тiзiмге қайтару