Ұлттық нейрохирургия орталығы «United Medical Expo» Халықаралық көрмесіне қатысты.
жұма, 17 Ноябрь 2023
Ұлттық нейрохирургия орталығы 16-17 қараша аралығында Астанада өтіп жатқан «United Medical Expo» медициналық және сауықтыру туризмінің Халықаралық көрмесіне қатысты.
Іс - шараның мақсаты- дұрыс денсаулық сақтауды халыққа жеткізу.
Іс-шара қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласындағы әр түрлі елдердің ауруханаларында және зертханаларында қолжетімді жаңа технологиялар мен жаңа қызметтер, аурулардың алдын алу, емдеудің тиімді әдістері, сондай-ақ әлемдік медицина секторындағы соңғы жетістіктерін көрсетеді.
Бұл көрме медициналық туризм нарығының ойыншыларының арасында өзара белсенді әрекет ету және ынтымақтастығы үшін кәсіби деңгейдегі платформасы болып табылады
Көрме барысында Ұлттық нейрохирургия орталығы көрме қатысушылары мен келушілерге Қазақстанның нейрохирургиялық қызметін, әлемдік нейрохирургиялық технологияларын көрсетті, Ұлттық нейрохирургия орталығында сәтті қолданылатын озық технологиялармен таныстырды.







