Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі туралы Қазақстан терапевтері конгресінде Айгүл Төлепбергенова сөз сөйледі

жұма,  17  Ноябрь  2023

   Бүгін, 17 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы базасында өткен «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» Қазақстан терапевтері конгресінде «ҰНО» АҚ профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенбайқызы Төлепбергенова сөз сөйледі.

  Баяндама тақырыбы көпбейінді стационардағы Госпитальдық фармация, дәрілік қауіпсіздік терапиясына арналды. Өз сөзінде Айгүл Төлепбергенова Ұлттық нейрохирургия орталығында ендірілген өз тәжірибесімен бөлісті және тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қазіргі заманғы басқару моделі туралы және қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы айтып өтті.

   Сондай-ақ, табысты тәжірибе енгізілгеннен басқа «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасындағы Госпитальдық фармация бөлімінде Қазақстанның барлық жерінен 300-ден астам маман оқытылды. Және бүгінгі таңда Ақтөбе облысы, ШҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, СҚО, ОҚО, Алматы қ., Астана қ. және Ақтау қ. медициналық мекемелерінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану белсенді қолданылады.


тiзiмге қайтару