Жаңа жыл қарсаңында ҰНО үздік қызметкерлері марапатталды
жұма, 29 Декабрь 2023
Жаңа жыл қарсаңында ҰНО өткен жылдың қорытындысын шығарып, салтанатты және мерекелік жағдайда үздік қызметкерлерді марапаттады.
«ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков 2023 жылдың қорытындысы бойынша қызметтегі жоғары жетістіктері үшін, өз міндеттерін адал және жоғары кәсіби деңгейде орындағаны үшін Орталықтың үздік қызметкерлерін марапаттады.
Осылайша, Орталық қызметінің қорытындысы бойынша келесі атақтар берілді: «2023 жылдың үздік бөлімшесі» атағы - Радиология және радиохирургия бөлімшесі, «2023 жылдың үздік дәрігері» – Айзат Батырқызы Исаева, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің педиатр дәрігері, «2023 жылдың үздік мейіргері» – Жанат Алтынбекқызы Кушерова, Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің таңу бөлмесінің мейіргері, «2023 жылдың үздік кіші персоналы» - Кукана Капуран, Нейрооңалту бөлімшесінің науқастардың күтімі бойынша кіші персоналы, «2023 жылдың үздік маманы» - Индира Зиятханқызы Сейтимбетова, Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы.
Орталықтың келесі қызметкерлері «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды:
- Нұрсұлтан Махамбетов, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
- Дамира Дүйсенбекова, Физиотерапия кабинетінің Физиотерапия және су балшықпен емдеу бөлімшесінің мейіргері;
- Евгения Болычева, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері;
- Маржан Аралбаева, Физиотерапия және су балшықпен емдеу бөлімшесінің кіші персоналы;
- Сағынтай Өзденбаев, Шаруашылық сервистік қызмет көрсету бөлімінің слесарь-сантехнигі.
Алғыс хаттарды келесі қызметкерлер алды:
- Ақжарқын Зейнегалиева, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің невролог дәрігері;
- Нұртай Нұрақай, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
- Гүлнұр Кенжебаева, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері;
- Алмагүл Нұрғалиева, Қабылдау бөлімшесінің пост мейіргері;
- Жанар Макашева, Қабылдау бөлімшесінің кіші персоналы;
- Әсел Ахметжанова, Адами ресурстарды басқару және кадрлық жұмысы бөлімінің жетекші маманы.







