амырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов «Жақсы Адам-2023» сыйлығымен марапатталды

сейсенбі,  26  Декабрь  2023

  25 желтоқсан күні Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов өзінің адами құнды қасиеттері үшін, пациенттерге, қоғамға және мемлекетке адал және шынайы қызметі үшін «Жақсы Адам-2023» сыйлығымен марапатталды.

  Жобаның мақсаты - қазақстандықтарды шабыттандыратын өмір тарихы, ерлікке пара-пар ерен еңбектері мен ел дамуына қосқан зор үлестері үшін көтермелеу.

  Ербол Тарғынұлына естелік мүсін, арнайы диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді. Ербол Тарғынұлы өз марапатын онкологиялық аурулары бар балаларға арналған Балалар хосписіне беретінін, онда бұл қаражат қажеттірек екендігін және балаларды сауықтыруға бағытталатынын айтты.

  Іс-шараны «Jibek Joly» телеарнасы ұйымдастырды, ал сыйлықтың демеушісі «Altyn Qyran Foundation» болды.

 Ербол Тарғынұлын лайықты марапатымен құттықтаймыз және зор денсаулық, отбасылық амандық және атқарып отырған жұмысына үлкен жетістіктер тілейміз! Біз Сізді мақтан тұтамыз!



тiзiмге қайтару