Жастар арасында инсульт алатындар саны артып келе жатыр
дүйсенбі, 31 Октябрь 2016
Дәрігерлер соңғы он жылда жастар арасында инсульт алатындар саны артып келе жатқанын айтып дабыл қағуда. Қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбау мен күйзеліс қан қысымын жоғарылатып, инсульке шалдықтырады екен. Тіпті, бұл аурумен тек еліміз ғана емес, бүкіл дүниежүзі күресуде. 60 жасқа толған қала тұрғыны Мұхитжан Омаров осыдан екі апта бұрын кенеттен қан қысымы 180-ге көтеріліп жедел жәрдеммен ауруханаға бірақ түседі. Сол жақ аяқ-қолынан жан кетіп, еркін сөйлеуден қалған оны дәрігерлер бір аптада емдеп жазған. Мұхитжан Омаров, Емделуші: - Реанимацияда жатқызып сол жақта емдеді, екі күннен кейін палатаға ауыстырды. Қазір жағдайым жақсы. Инсульт - бастағы ми қан тамырларының зақымдануы. Соңғы уақытта инсультке шалдыққандар саны егде адамдарға қарағанда жастар арасында көбейгені дәрігерлерді алаңдатып отыр. Мұның негізгі себебін мамандар шылым мен алкоголь және экологиямен байланыстырып отыр. Күйзеліс пен қатар арықтатуға арналған диеталар аталған ауруға душар етеді. Шылым шегу: 11%, Ішімдік ішу: 2%, Диета: 11%, Күйзеліске ұшырау: 5%. Дегенмен, бүгінде мамандар инсульттің ишемиялық және геморрагиялық түрлерінің алдын-алатын жаңа технологиялардың пайда болғанын және осы арқылы адам өмірін ұзартуға болатынын айтады. СЕРІК АҚШОЛАҚОВ, «Ұлттық Нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы: - Жаңа технологияға байланысты егерде мидың ішінде қан тамырларда тромб болса, соны тікелей барып алатын, түрлі методтар бар. Қан түйіршігінде қан ұйып қалғанда, оны уақытында алсаңыз ол толық жазылып кеттеді деп айтуға болады. Дүниежүзінде жылына 15 миллиондай адамның миына қан құйылып, олардың 30-40 пайызы жан тапсырады екен. Ал, елімізде жылына шамамен 40 мың адам инсультке шалдығады. Ал, Қазақстанда инсульттен аяқ-қолы тартылып өмір бақи мүгедек болғандар саны 200 мың адамнан асып отыр.
Лаура Биғали, Думан Сүлейменов, 31 телеарна







