Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқа ауруарын емдеудің жаңа технологиясын игерді
сәрсенбі, 16 Ноябрь 2016
Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқа ауруларын емдеудің жаңа технологиясын игерді. Аталған әдістеменің негізі омыртқа діңгегінің және жұлынның зақымдалған сегментіне баламалы ену жолдарын қолданудан тұрады. Бұл операция аумағына жататын тіндерді мейлінше аз жарақаттауға мүмкіндік береді. Аталған технологияның арқасында пациентті оңалту кезеңі қысқартылады, бұл пациенттердің тез арада толыққанды өмірге оралуына және еңбек функцияларын жаңартуға алып келеді. Осы әдістемені әзірлеу және енгізу үшін «РЖД» ААҚ Клиникалық жол ауруханасының Иркутск-Пассажирский станциясындағы нейрохирургия орталығының басшысы, «РЖД» ААҚ бас нейрохирургі, 18 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы білікті дәрігер – нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы Бывальцев Вадим Анатольевич шақырылды. 66 жастағы елорда тұрғыны бірнеше жылдар бойы арқадағы аурулар мазалаған көп адамның бірі. Омыртқа аурулары пациент жасына тәуелсіз, бүгінгі таңдағы кең таралған ауру болып саналады. Әлемдік статистикаға сәйкес, ересек адамдардың 80 пайызы өмірінде бір рет болсын арқадағы жанға бататын аурулармен бетпе-бет келеді, ал жер шары тұрғындарының 15 пайызы арқадағы созылмалы аурулармен ауырады. Жоғарыда аталған науқаста диск жарығы және омыртқаның үш деңгейінде жылжу болған, операция жаңа азинвазиялық әдістеменің қолданылуымен жасалды. Операциядан кейінгі күні науқас өз бетінше жүре бастады. Жұлын нейрохирургиясындағы кіші-азинвазиялы технологиялар бойынша білім беру курсы аясында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ресейлік әріптестерімен бірге жаңа әдістеме бойынша 10 пациентке операция жасамақ. Бұл науқастар республикамыздың түрлі аймағынан, науқастарға бірінші кезекте осындай медициналық көмек қажет етіледі. Ресейлік нейрохирургтің айтуы бойынша, қазақстандық дәрігерлер аталған әдістемені сәйкесінше жабдықталған аппаратураның, осындай операцияларды орындауға қабілетті білікті мамандардың арқасында жолға қоя алады.







