Ұлттық нейрохирургия орталығы ашық есік күндерін өткізеді
жұма, 1 Март 2024
Назар аударыңыз! Құрметті емделушілер!
2024 жылғы 2, 16, 30 наурыз және 6, 13 сәуір күндері Ұлттық нейрохирургия орталығы Ашық есік күндерін өткізеді.
Жоғарыда көрсетілген күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін кез келген адам Орталықтың жетекші мамандарынан жүзбе жүз тегін кеңес ала алады, атап айтқанда:
- Қан тамырлары және функционалды аурулар жөніндегі сұрақтары бойынша нейрохирург (тек 2 наурыз 2024 ж.).
- Ми патологияларының мәселелері бойынша нейрохирург (тек 16 наурыз 2024 ж.).
- Кіші инвазиялық нейрохирургия мәселелері бойынша нейрохирург (тек 30 наурыз 2024 ж.).
- Балалар нейрохирургиясы сұрақтары бойынша нейрохирург (тек 6 сәуір 2024 ж.).
- Омыртқа және жұлын патологиясы мәселелері бойынша нейрохирург (тек 13 сәуір 2024 ж.).
*Назар аударыңыз, қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Орындар саны шектеулі. Өзіңізбен бірге түсірілгеніне 1 жылдан аспаған МРТ/КТ, рентген және басқа да диагностикалық зерттеулер болуы қажет.
Телефон арқылы қабылдауға жазылу: +7(7172) 62-11-00 (қоңыраулар дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады).







