Радиология және радиохирургия бөлімшесі «Радиология және радиохирургия бөлімшесіндегі жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында конференция ұйымдастырды
сәрсенбі, 15 Май 2024
Бүгін, 15 мамырда Ұлттық нейрохирургия орталығының Радиология және радиохирургия бөлімшесі «Радиология және радиохирургия бөлімшесіндегі жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында мейіргер мамандар үшін конференция ұйымдастырды.Конференцияны «ҰНО» АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы және Радиология және радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Байтурлин Жәнібек Ғаниұлы құттықтау сөзімен ашты.
Конференция бағдарламасы барысында Радиология және радиохирургия бөлімшесінің мамандары радиология және радиохирургия жұмысындағы диагностиканың маңызды аспектілері туралы, Гамма-пышақпен емдеу процесі туралы айтып, сәулелік диагностиканың жалпы түсініктері мен түрлері туралы баяндады. Сонымен қатар, медицина саласындағы радиациялық қауіпсіздік тәжірибесімен бөлісті, рентген-операциялық мейіргер рөлінің маңыздылығын жан-жақты ашты.
Конференцияға сәулелік диагностика дәрігері Дауылтай Батырханов, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер Ақерке Төсекбай, рентген-зертханашы Дамир Төлешов, емшара мейіргері Ақмарал Самотаева және рентген-операциялық мейіргер Алма Ислямова қатысты.
Конференция соңында Орталық басшылығы мен іс-шара тыңдаушылары конференцияны ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.







