Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Көкшетау қаласының көпсалалы облыстық ауруханасында шебер-класстар мен консультациялар өткізді

жұма,  17  Май  2024

Кеше, 16 мамырда Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлер тобы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың шақыруымен Көкшетау қаласының 200 жылдығына және «АМУ» КеАҚ 60 жылдығына арналған іс-шара аясында Көкшетау көпсалалы облыстық ауруханасының клиникалық-диагностикалық емханасының пациенттері мен нейрохирургия бөлімшесінің стационарлық пациенттеріне консультациялар өткізді.

Аталған іс-шараға «ҰНО» АҚ АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің невролог дәрігері Гаухар Ибатова, Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Нұрали Әшіров, Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Нұржан Әбішев, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Бауыржан Қонақбаев қатысты.
Нейрохирургия орталығының дәрігерлері ми патологиялары, кіші инвазиялық нейрохирургия, балалар нейрохирургиясы және неврологиясы, омыртқа мен жұлын патологиясы, қан тамырлары және функционалды аурулар мәселелері бойынша 20-дан астам консультация өткізді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының тұрғындары: бұрын ишемиялық инсульт алған ер кісіге ем тағайындау үшін ангиография жүргізілді және 57 жастағы әйелге омыртқааралық дискті алып тастау бойынша операция жасалды. Операциялар сәтті өтті, пациенттер операциядан кейін анестезиядан оянып, палатаға ауыстыруға дайындалуда.

Бүгін, 17 мамырда «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов Көкшетау қаласының 200 жылдығына және «АМУ» КеАҚ 60 жылдығына орайластырылған халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияға қатысады, онда Қазақстанның нейрохирургиялық қызметінің дамуы және Ұлттық нейрохирургия орталығында көрсетілетін жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық көмек туралы баяндайды.


тiзiмге қайтару