ҰНО-да жүктіліктің 7 айындағы әйелге мидың көлемді ісігін алып тастау операциясы жасалды

жұма,  24  Май  2024

Ақмола облысының тумасы жүктілік кезінде жиі бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, мезгіл-мезгіл құсу, жүріп келе жатқанда теңселу және көз алдында заттардың қосарланып көрінуіне шағымдана бастады. Көкшетау қаласының дәрігерлерімен мидың МРТ –сын түсіру тағайындалды, онда мишықтың оң жақ гемисферасында көлемді ісігі анықталды.

Бұл жағдай телемедицина бойынша Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің консилиумында талданды, консилиумда Нейрохирургия орталығы жағдайында жүкті әйелге шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылданды. Әйел республикалық мед.авиация желісімен жеткізілді, оған Ұлттық нейрохирургия орталығының жетекші мамандарымен операция жасалды.
ҰНО профессоры, Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев атап өткендей, бұл пациентке ми бағанының қысылуымен мишықтың оң жақ гемисферасында көлемді ісігі диагнозы қойылды, оның мөлшері 3*2,2*2,4 см. жетті, нәтижесінде жүкті әйел шағымданған жоғарыда атап өткен белгілер айқын байқала бастады.
«Біз жүкті әйелге ми ісігін алып тастау үшін микрохирургиялық операция жасадық. Операция кезінде нейронавигациялық жүйе қолданылды. Бұл бізге күрделі анатомиялық жағдайларда да өте нәзік, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Ісік толығымен алынып тасталды және функционалды аймақтардың қызметін сақтай алды, мүмкін болатын неврологиялық асқынулар мен мүгедектікке жол берілмеді» – деп, атап өтті науқастың емдеуші дәрігері, нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

Науқастың өзі атап өткендей, операциядан кейінгі оның денсаулық жағдайы жақсарды, неврология регрессияға ұшырады – бас ауруы тоқтады, жүру кезінде тербеліс, теңселу болмайды, сонымен қатар маңыздысы – әйел өздігінен жүреді, өзіне-өзі қызмет көрсете алады.


тiзiмге қайтару