Балалар нейрохирургиясы бөлімі кішкентай пациенттерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

жұма,  31  Май  2024

  Жыл сайын 1 маусымда Балалар нейрохирургиясы бөлімінде қуанышты атмосфера және бұл жыл да солай болды.
Бөлімше меңгерушісі Ғабит Өленбай, сондай-ақ бөлімшенің дәрігерлері мен қызметкерлері түрлі-түсті шарлар мен ойыншықтармен палаталарды аралап, кішкентай пациенттерімізді құттықтады.
 Өкінішке орай, биылғы жылы мереке қарсаңында бөлімше карантинде, үлкен және көңілді ойын-сауық бағдарламасын өткізу мүмкін болмады, бірақ бөлімше дәрігерлері балаларға жақсы көңіл-күй мен күлкі сыйлай алды.
 Қазіргі уақытта балалар нейрохирургиясы бөлімшесінде еліміздің барлық өңірлерінен 23 бала емделуде. Ең кішісі 10 айдан енді асады, ал үлкені 16 жаста. Бұл орталық жүйке жүйесінің әртүрлі күрделі патологиялары бар балалар.
 Ұлттық нейрохирургия орталығы барлық балаларды мерекемен құттықтайды және әрбір сәбиге зор денсаулық пен бақытты балалық шақ тілейді.


тiзiмге қайтару