Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылғанына дәл бүгін 16 жыл толды

дүйсенбі,  1  Июль  2024

Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылғанына дәл бүгін 16 жыл толды. Барлық қазақстандықтар мен жақын және алыс шетелдік қонақтар үшін Ұлттық нейрохирургия орталығы 2008 жылдың 01 шілдесінде өз есігін ашты.

Осы уақыт ішінде Ұлттық нейрохирургия орталығында нейрохирургиялық пациенттерді емдеудің 70 жаңа технологиясы енгізілді, 60 мыңнан астам пациент емделді, 40 мыңнан астам операция жасалды, олардың көпшілігі күрделі нейрохирургиялық араласудан кейін қалыпты өмірге қайта қадам басты. Дертке дауа, жанға шипа берген ақ халатты абзал жандар күн сайын адам жанын арашалап, Орталықта қызмет етуде.

Бүгін "ҰНО" АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов ұжымның апта сайынғы жиналысында Орталықтың 16 жылда жеткен жетісттіктері туралы баяндама жасап, барша ұжымға қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби біліктілік пен өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтты!

"Біздің Орталықтың барлық ұжымын Орталықтың 16 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер үшін ең үлкен сый толыққанды өмір қуанышына қайта бөленген пациенттердің күлімсіреген жүздері болсын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!" - деді Серік Қуандықұлы.



тiзiмге қайтару