Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында академик С.Қ. Ақшолақовтың жыл сайынғы сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

сейсенбі,  2  Июль  2024

Сыйлыққа үміткерлер конкурстық негізде, оқытудың барлық кезеңінде үлгерімнің жоғары рейтингтік балы және нейрохирургия саласындағы практикалық, ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысқаны үшін іріктелді.

2024 оқу жылында сыйлық тағайындалған лауреаттар: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша резиденті - Жомарт Тұрсынбеков және "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ резиденті - Айман Майдан.

Бұл сыйлық осымен үшінші жыл қатарынан конкурстық негізде әрбір конкурсқа қатысушыға, курсқа, оқыту негізіне (грант, шарт) және резиденттің оқыту тіліне қарамастан 150 000 теңге мөлшерінде беріледі.

Сыйлық лауреаттарын марапатпен құттықтаймыз және одан әрі толағай табыстар, амандық және шығармашылық жеңістер тілейміз!


тiзiмге қайтару