Нейрохирург дәрігерлер науқаста естің сақталуымен миға тағы да бір операция жасады
сейсенбі, 16 Июль 2024
Пациент дәрігерлерге жиі бас ауруы, қозғалу кезінде жүрісінің дірілдеуі және есте сақтау қабілетінің бұзылуы шағымдарымен медициналық көмекке жүгінді. Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлерінің консилиумында нейронавигацияны қолдана отырып, мидың сол жақ желке бөлігінің ісігін микрохирургиялық жолмен ішінара алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
Орталықтың дәрігерлері атап өткендей, дәл осы жағдайда пациентке мұндай емдеу тактикасы қажет болды, өйткені науқаста операция кезінде үлкен қауіп төндіретін өкпе-жүрек жеткіліксіздігі болды.
Операция ойдағыдай сәтті өтті, пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, пациент палатаға ауыстырылды және қазір үйге шығуға дайындалуда.







