Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің командасы конференция ұйымдастырды

дүйсенбі,  22  Июль  2024

 22 шілдеде  «ҰНО» АҚ Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің командасы «Қатерлілігі жоғары дәрежелі глиальды ми ісіктері. Мейіргерлік процесс» тақырыбында мейіргер мамандарға арналған конференциясын ұйымдастырды.  

Іс-шара екі негізгі тақырып бойынша өтті: «Глиальды ісіктер, жалпы аспектілер және мейіргерлік күтім мен емшаралар».

Конференцияны «Ұлттық нейрохирургия орталығы»  АҚ мейіргер ісі жөніндегі  директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашты.

Содан кейін қатысушылардың баяндамалары басталды. Нейрохирург дәрігер Дәурен Баймұханов пен пост мейіргері Дияра Төреқұлова баяндама жасады. Өз саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Конференцияға қатысушылар арасында Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы болды,  конференция соңында Орталықтың медицина қызметкерлерінің білім деңгейін және конференцияның  ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

 


тiзiмге қайтару