Бүгін резидентура түлектеріне резидентураны бітіргені туралы куәлік табыс етілді
дүйсенбі, 29 Июль 2024
Бүгін «Нейрохирургия, оның ішінде балалар хирургиясы» және «Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы» мамандықтары бойынша резидентура түлектеріне резидентураны бітіргені туралы куәлік табыс етілді.
«ҰНО»АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов, сондай-ақ Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы түлектерді резидентураның сәтті аяқталуымен құттықтады. «Мен, біздің Орталықтың қабырғасында алынған барлық білім кәсіби қызметте табысты қолданылатынына сенімдімін және біз бүгінгі түлектердің алда атқаратын жұмыстарының жақсы нәтижелері туралы қаншама рет еститін боламыз. Сіздерге сәттілік және ақ жол!»- деді Серік Қуандықұлы.
Сондай-ақ, «ҰНО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мәжит Зейноллаұлы Шайдаров және кафедра меңгерушісінің м.а. Владимир Егізбайұлы Кенжебаев түлектерге ақ тілектерін білдірді.
Бүгінгі күнге біздің Орталықтың қабырғасында 82 резидент оқыды, оның ішінде «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша 58 маман және «Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы» мамандығы бойынша 24 маман.
Жас нейрохирург мамандардың бұл 12 шығарылымы және жас невролог мамандарының 7 шығарылымы болып табылады.







