Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ми мен жұлынның алып ісігін жою үшін зергерлік жұмыс жасады
жұма, 13 Сентябрь 2024
Аягөз қаласынан келген науқасты ұзақ уақыт бойы қол мен аяқтағы әлсіздік мазалады. Жылдар өткен сайын әлсіздік күшейе бастады, мойын омыртқасындағы ауырсыну, бас ауруы, қол мен аяқтың ұюы мазалай бастады. Науқас жүйелі түрде консервативті емдеу курсын алды, бірақ жақсару байқалмады, керісінше денсаулық жағдайы мүлдем нашарлай бастады. Осылайша, ауруды диагностикалау мақсатында пациент 2024 жылы маусым айында МРТ-зерттеуден өтті. Онда дәрігерлер мидың ішінде орналасқан алып өлшемді (6*3,5 см) ісікті анықтады, бағанаға, төртінші қарыншаға өніп, төменгі жағында екінші мойын омыртқасына дейін таралды.
Науқас қажетті ақпарат пен құжаттаманы жинап, Ұлттық нейрохирургия орталығына медициналық көмекке жүгінді, онда оған Орталық жағдайында жедел ем алу ұсынылды. Мұндай күрделіліктегі операцияны жүргізу, тек Ұлттық нейрохирургия орталығында ғана жүзеге асырылуы мүмкін екендігін де айта кеткен жөн.
Ауруханаға жатқызу кезінде науқас толығымен дерлік қимыл-қозғалыссыз, жұтылу қиындықтары және тыныс алу эпизодтары болды. Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігерлері ісікті жою үшін 6 сағаттық күрделі операция жасады.
Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Талғат Керімбаев атап өткендей, ми мен жұлынның түйіскен жерінде орналасқан ісіктерді (краниовертебральды ісіктер) алып тастау өте қиын және өмірге қауіп төндіреді, өйткені мұнда тыныс алуды, жүректің, қан тамырларының жұмысын, сондай-ақ қолдар мен аяқтардағы қозғалыстар мен сезімталдықты басқаратын орталықтар орналасқан.
«Операцияның күрделілігі ми бағанасы (тіршілік орталығы), пирамида жолдарының қиылысы (аяқ-қолдардағы қозғалыс), магистральдық тамырлар сияқты маңызды анатомиялық құрылымдардың орналасуы болды. Бұл саладағы ең аз шамадан тыс манипуляциялар қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл саладағы хирургия нейрохирургиядағы ең күрделі болып табылады және мамандардың үлкен медициналық тәжірибесін, жоғары технологиялық жабдықтардың болуын талап етеді және барлық жетекші шетелдік клиникаларда жүргізіле бермейді. Осы патологияны хирургиялық емдеу әдістерін жетілдіруге қарамастан, операциядан кейінгі өлім-жітім мен пациенттердің толық салдану қаупі жоғары. Көбінесе пациенттер тыныс алу проблемалары мен жүрек-қан тамырлары қызметінің бұзылуына байланысты ұзақ уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында болады.
Операциядан кейінгі кезеңде науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қол мен аяқтардағы қозғалыстар мен сезімталдық қалпына келді, науқаста өздігінен жұтына алу процесі қалпына келді, тыныс алу проблемалары жоғалды. Науқас 3 тәулікте белсендіріліп, өздігінен жүре бастады. Операциядан кейінгі 9-шы күні науқас амбулаториялық бақылауға жазылуға дайындалады»- деп атап өтті Талғат Керімбаев.
Профессор Керімбаев Талғат Тынышбайұлының жетекшілігімен операциялық бригада ісікті капсуламен толығымен алып тастады, барлық анатомиялық құрылымдар, соның ішінде пирамида қиылысы, бағаналық және жұлын тамырларының құрылымдары сақталды.
Ісікті жою бойынша сәтті операция пациентке заманауи микрохирургиялық технологияларды, интраоперациялық микроскопты және нейромониторингті қолдана отырып, МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді, бұл өмірлік маңызды жүйке жолдары мен орталықтарының жай-күйін үздіксіз бағалауға мүмкіндік береді және зақымдану қаупін азайтады.
«Операцияға дейін менің қолдарым әлсірегені сонша, тіпті бір литрлік бөтелкені де ұстай алмадым. Осы Орталыққа кірген кезде мен өз бетімше қозғала алмадым. Операция алдында дәрігерлер мүмкін болатын ауыр операциялық қауіптерді түсіндірді, бірақ мен бәріне дайын болдым, бастысы-бұл ісікті алып тастау болды. Енді операциядан кейін, дәрігерлер менің өмірімді сақтап қалды, мені қалыпты жағдайға қайтарды деп сенімді түрде айта аламын. Операцияға дейін тәбетім болмады, себебі ол уақытта менің тіпті өздігімнен жұтуға шамам да болмады, соның әсерінен қалыпты тамақтана да алмадым. Қазір мен әр түрлі тағамдарды жеймін, жақсы тәбет пайда болды және денсаулығым күннен күнге жақсаруда. Бәрі жақсы болатынына сенемін! Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлеріне шексіз алғысымды білдіремін, сіздер нағыз кәсіпқой мамансыздар!»- деп бөлісті Әлібек.







