Ұлттық нейрохирургия орталығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару» тақырыбында шебер класс өткізілді.
жұма, 13 Декабрь 2024
Ұлттық нейрохирургия орталығының қабырғасында ағымдағы жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Госпитальдық фармация бөлімімен «ҰНО» АҚ жағдайында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару» тақырыбында шебер класс өткізілді.
Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады.
Аталмыш шебер класқа 17 қатысушы қатысты, атап айтқанда Алматы қаласының «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, Шымкент қаласының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» МКК, «Жітіқара ОАА» МКК (орталық аудандық аурухана), Жезқазған қаласының «Қазақмыс» медициналық орталығы. Бұл қатысушы мамандар - ауруханалардың бас дәрігерлері, клиникалық фармакологтар, дәріхана меңгерушілері, мейіргерлер, IT мамандары, бас бухгалтерлер. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Госпитальдық фармация бөлімшесінің базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам маман оқытылды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Ақтөбе, БҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстарында, СҚО, ОҚО, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының медициналық мекемелерінде белсенді қолданылады.







