Орталықта қан тапсыру бойынша донорлық акция өтті
жұма, 7 Февраль 2025
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында қан тапсыру бойынша донорлық акция өтті.
Іс-шараны Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының және Ұлттық нейрохирургия орталығының Трансфузиология бөлімшесінің жұмыскерлері ұйымдастырды.
Акцияға Нейрохирургия орталығының дәрігерлері, орта және кіші медициналық және әкімшілік қызметкерлері қатысты, бұл жалпы 40 адам.
Акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз!







