Халықаралық нейрохирург күнімен

сейсенбі,  8  Апрель  2025

Өз өмірін өзгенің өмірін сақтауға арнаған нейрохирургтерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Әр операция – бұл жай ғана білім мен қол шеберлігінің ұштасуы емес. Бұл – батылдық пен жігер, күрделі шешім мен таңдау, үміт пен өмірге сенім.
Еңбектеріңіз, табандылық пен жанашырлығыңыз үшін алғысымыз шексіз.
C шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, сергек сана мен қайсар рух тілейміз.
Әрбір сәтті операция сіздерді алғаш жолға шыққан сәттегідей шабыттандыра берсін.

https://www.instagram.com/reel/DILM_ppIh_P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жоғарыдағы сілтеме арқылы арнайы дайындалған бейне роликті тамашалай аласыздар.

тiзiмге қайтару