Бүгін бүкіл әлемде Паркинсон ауруымен күрес күні атап өтілуде
жұма, 11 Апрель 2025
Бүгін бүкіл әлемде Паркинсон ауруымен күрес күні атап өтілуде.
Бұл күн ауру, оның белгілері және қазіргі кездегі емдеу туралы адамдардың ақпарат алуын арттыруға арналған.
Ұлттық нейрохирургия орталығында Біз Паркинсон ауруын емдеудің нейрохирургиялық әдістерін сәтті қолданамыз. Қазірдің өзінде 500-ге жуық операция жасалды, соның арқасында жүздеген пациенттер толыққанды өмір сүру деңгейіне және қайтадан өз қажеттіліктерін өтей алатын жағдайға оралуға мүмкіндік алды.
Бүгін біздің пациент Бахытжан Альмухаметова өзінің ерік жігерін шыңдап, өмір сүруге құлшындыратын өз жағдайын баяндап берді. Ол 9 жылдан бері бұл аурумен алысып, берілмей табандылық танытып келеді, оның аз-аздан жасаған әрбір қадамы үлкен ерлікке пара - пар.
Біз барлық пациенттерге мықты денсаулық, темірдей төзім, шыдамдылық тілейміз.
Есіңізде болсын: Паркинсон ауруы үкім емес!
https://www.instagram.com/reel/DITEDTNMCDK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== бұл сілтемеде біздің арнайы сюжетіміз бар.







