Ұлттық нейрохирургия орталығы жұмыскерлеріне «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өткізілді

сейсенбі,  15  Апрель  2025

    Бүгін, 2025 жылғы 15 сәуірде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ -да Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Қоғамда іске асыру жөніндегі 2024 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген жұмыскерлердің үлесін анықтау мақсатында Ұлттық тестілеу орталығының «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өткізілді.

  Тестілеу Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Ұлттық тестілеу орталығының арнайы шақыртылған маманымен алынды.

Жұмысқа жаңадан қабылданған жұмыскерлер арасында дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлер            2 блоктан (тыңдалым, оқылым), ұзақтығы 1 сағат 10 минуттан тұратын тестілеуді өз уақытында, үлкен жауапкершілікпен тапсыра білді.

  Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері анықталғаннан кейін жұмыскерлер Орталықта өткізілетін қазақ тілін меңгеру курстарына қатыса алады.


тiзiмге қайтару