Ұлттық нейрохирургия орталығында созылмалы ауырсыну синдромын емдеу бойынша шебер-класс өтті
жұма, 4 Апрель 2025
2025 жылғы 3 және 4 сәуірде Ұлттық нейрохирургия орталығында С.С. Юдин атындағы қалалық клиникалық аурухананың (Мәскеу, Ресей) Ауырсынуды емдеу орталығының дәрігері Ксения Валерьевна Горячеваның қатысуымен «Созылмалы ауырсыну синдромын емдеу. Жұлын стимуляциясы-Spinal Cord Stimulation» тақырыбында шебер-класс өткізілді.
Іс-шараға 20-дан астам дәрігер, оның ішінде Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің мамандары, сондай-ақ еліміздің өңірлерінен: Шымкент, Қарағанды және Алматы қалаларынан келген нейрохирургтар қатысты.
ҰБТ шебер-класс шеңберінде қатысушылар нейростимуляторлардың сипаттамаларымен, олардың пациенттерді іріктеудегі рөлімен, ауруға қарсы ынталандыру үшін құрылғыларды бағдарламалау әдістерімен танысты. Сондай-ақ пациенттерді тексеру, стимуляторларды орнатуға дайындық жүргізілді, ал тәжірибелік дағдылар мамандандырылған тренажерларда пысықталды.
Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Керімбаев Талғат Тынышбайұлының айтуынша, мұндай іс-шаралар дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін үлкен маңызға ие және созылмалы ауырсыну синдромынан зардап шегетін пациенттермен тиімді жұмыс істеуге айтарлықтай көмектеседі.







