Ұлттық нейрохирургия орталығы JCI халықаралық аккредитациясынан бесінші рет сәтті өтті
жұма, 18 Апрель 2025
Ұлттық нейрохирургия орталығы JCI халықаралық аккредиттеуінен бесінші рет сәтті өтті.
2025 жылғы 17-20 наурыз аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығында медициналық қызметтер сапасын бағалаудың ең беделді халықаралық жүйелерінің бірі — JCI стандарттарына сәйкестігіне кезекті аудит өтті.
Төрт күн ішінде АҚШ-тың тәуелсіз сарапшылары дәрігерлік және мейіргерлік қызметтен бастап әкімшілік және техникалық қызметтерге дейін клиниканың жұмысын мұқият тексерді. Комиссия құрамында Sharon Coulter James (топ жетекшісі), Patricia O ' Shea (дәрігерлік практика бойынша сарапшы) және Ali Naffaa (мейіргер ісі бойынша сарапшы) болды.
Аудит қорытындысы бойынша Орталық бірде бір ескертусіз медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін растады. 31 наурызда орталыққа ресми түрде ACCREDITED мәртебе берілді, бұл аккредиттеу бойынша бесінші рет сәтті өткендікті білдіреді.
Ұлттық нейрохирургия орталығы алғаш рет JCI аккредиттеуін 2013 жылы алды, содан бері 2016, 2019, 2021 жылдары және осы 2025 жылы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тұрақты түрде растап келеді.
Бұл аккредиттеу - қазақстандықтардың өз елінде әлемдік деңгейдегі медициналық көмек ала алатындығының тағы бір дәлелі.







