«Гамма-пышақ» блогының командасы Ресейдегі радиохирургияның 20 жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатысты

дүйсенбі,  21  Апрель  2025

18 сәуірде Мәскеуде Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «акад. Н.Н. Бурденко атындағы ҰМЗО»  ФМАМ ұйымдастырылған «Ресейдегі радиохирургияның 20 жылдығы» атты ғылыми конференция өтті.

 Іс-шарада «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов пен Кіші инвазиялық  нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирургы Нұрзат Сығай Қазақстанның Нейрохирургия орталығының тәжірибесінде радиохирургияны қолдану тәжірибесін ұсынды, емдеу нәтижелерімен бөлісті және клиникалық жағдайлардың мысалдарын келтірді.

 Гамма пышақ стереотактикалық радиохирургияның «алтын стандарты» болып саналады. Бұл жоғары дәлдіктегі технология сау тіндердің барынша аз зақымдануымен ми ісіктерін тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Оны қолданудың арқасында бұрын операция жасау мүмкін емес деп  саналған ісіктерді инвазиялық  емес емдеу мүмкін болды.

 Конференция сонымен қатар радиохирургия саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді талқылады: тамырлы патологияны емдеу, балалардағы жұлын метастаздары мен орталық жүйке жүйесінің ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдістері, офтальмологияда Гамма-пышақты қолдану, сондай-ақ мидағы ұсақ жасушалы емес өкпе обырының ірі метастаздарын емдеу.

Конференцияға қатысу Ұлттық нейрохирургия орталығы үшін жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды кезең болды. Бұл нейрохирургия саласындағы озық технологиялар мен емдеу әдістерін одан әрі дамытуға ықпал етеді.


тiзiмге қайтару