Халықаралық мейіргер күні құтты болсын!
дүйсенбі, 12 Май 2025
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында апта сайын өткізілетін таңертеңгілік жиналыста осы маңызы зор, мейірімділік пен ізгілікті паш ететін кәсіби мерекенің құрметіне орай өз мамандығының үздік өкілдері салтанатты түрде марапатталды.
Біздің Орталықтың мейіргерлері жоғары кәсіпқойлығы, өз ісіне адалдығы және әрбір пациентке адами тұрғыдан мейірім шуағын шашатын жанашырлығы үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды.
-
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері Ғайни Сраилқызы Екімбаева марапатталды.
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Кенжебаева Гүлнұр Төкенқызы марапатталды.
- Құрмет грамотасымен Радиология және радиохирургия бөлімшесінің аға мейіргері Алма Амангелдіқызы Ислямова марапатталды.
- Алғыс хатпен Қабылдау бөлімшесінің пост мейіргері Полицына Галина Владимировна марапатталды.
Бұлар біздің құрметті әріптестеріміз, олар - шынайы кәсіпқойлықтың, төзімділік пен рухани жылулықтың үлгісі. Бұл күн - күнделікті денсаулықты қорғау сақшыларына шын жүректен ризашылық пен алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерге қуаныш, амандық, отбасыларыңызға бақыт және кәсіби өркендеу тілейміз!







