Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы сенбілік өткізді.
бейсенбі, 8 Май 2025
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Орталық аумағында сенбілік өткізді. Бір кісідей жұмылып, ауызбіршілік пен ынтымақтастық атмосферасында ағаштардың түбін, бордюрларды әктеп, құрғақ жапырақтарды жинап, сыпырдық, сонымен қатар ұзақ ғұмыр мен күш-қуат символы - емен өскіндерін отырғыздық.
Ұжыммен бірге сенбілікке Басқарма төрағасы -Серік Қуандықұлы Ақшолақовтың да қатысуы, ұжым қызметкерлеріне ерекше шабыт пен қосымша күш береді!
Сенбілікке шығу - қоршаған ортаның игілігі үшін жұмыс істеп қана қоймай, командалық рухты нығайтуға тамаша мүмкіндік береді. Сенбілікке атсалысқан әрбір қызметкерге көтеріңкі көңіл күй, алғыс білдіреміз!







