Ұлттық нейрохирургия орталығында Мейіргер күніне арналған конференция

дүйсенбі,  12  Май  2025

12 мамырда Халықаралық Мейіргер күнін мерекелеу аясында Ұлттық нейрохирургия орталығында Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесі ұйымдастырған «Оңалтудың заманауи тәсілдері: теориядан практикаға» тақырыбында тақырыптық конференция өтті.

Іс-шараны «ҰНО»АҚ  Мейіргер ісі  жөніндегі директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашып, денсаулық сақтау жүйесінде және пациенттерді оңалту процесінде мейіргерлердің маңыздылығы мен жоғары кәсібилігін атап өтті.

Бағдарлама аясында:

- Исмагулова Шынар Кеңесқызы, бөлімшенің аға мейіргері, медициналық оңалтудың физикалық аспектілері тақырыбында баяндамасын ұсынды;

- Физиотерапевт-дәрігер Әлия Ахметқызы Бергенева созылмалы шаршау және мойын омыртқасының патологиясы кезіндегі оңалту ерекшеліктері мәселелерін атап өтті;

- Массажист Дархан Ниязханұлы Көшкімбаев мойын бөлігінде  массаж техникасы, ауырсыну синдромы кезіндегі көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер тақырыбында баяндамасын ұсынды;

ЕДШ  нұсқаушысы Исмаилов Руслан Дмитриевич емдік дене шынықтырудың рөліне назар аударды және мойын ауруы туралы шағымдары бар пациенттерде бұлшықеттерді нығайтуға және төзімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар кешенін көрсетті.

Қатысушылар тыңдап қана қоймай, белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай шаралар мамандарға білім алмасуға және пациенттерді оңалту сапасын жақсартуға көмектесетінін атап өту керек.


тiзiмге қайтару