Нейрохирургия орталығындағы Балаларды қорғау күніне арналған мереке
жұма, 30 Май 2025
Балаларды қорғау күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында жас пациенттер үшін көңілді және қуанышты мереке өтті. Жеті жыл бойы бұл мерекені балалар нейрохирургиясы бөлімшесінде «ДАР» қоғамдық қоры ұйымдастырып келеді.
Биыл балаларға «Мармелад Астана» анимациялық командасының сүйікті кейіпкерлері-Өрмекші адам мен Барби қонаққа келді. Олар көңілді ойындар мен жарыстар өткізіп, балаларға күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Бүгінгі іс-шараға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз.
Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр баланың дені сау, балалық шағы бақытты өтсін. Әрқашан аспанымыз ашық, күніміз шуақты, бейбіт заман болсын!







