Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында «Гамма-пышақ» аппаратының жұмысы басталғанына 4 жыл толады!
сейсенбі, 27 Май 2025
Осы уақыт ішінде 1919 пациент «Гамма-пышақпен» сәтті емделді.
Бұл ісіктерді, тамырлы және функционалды ми ауруларын емдеудің заманауи, кіші инвазиялық әдісі. «Гамма -пышақтың» басты артықшылығы - жоғары дәлдік пен қауіпсіздік. Кобальт-60 192 көздерінен алынған радиоактивті сәулелер ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзатын патологиялық фокусқа дәл бағытталған. Бұл жағдайда сау тіндер зақымдалмайды. Операция ауырсыну сезімінсіз және бассүйек трепанациясынсыз өтеді. Ол тек бір рет жасалады және сәулелік терапия сияқты қайталама сеанстарды қажет етпейді.
Қазақстан азаматтары үшін емдеу - МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі. Біз осындай бірегей технологиялардың біздің елде қолжетімді екендігін мақтан тұтамыз!
Пациенттер шетелге шықпай-ақ өз елінде жоғары тиімді ем ала алады. Өз ісінің шебері, ізгі жүректі ақ халатты мамандар тобын осы атаулы күнмен құттықтаймыз және әрбір құтқарылған өмір үшін алғыс айтамыз!







