Астана Уолтер Денди атындағы нейрохирургиялық ассоциациясының X Дүниежүзілік конгресін қабылдауда

жұма,  27  Июнь  2025

Астана, 2025 жылғы 27-28 маусым. Осы күндері Қазақстанның елордасы әлемдік нейрохирургияның ең беделді және тағатсыздана күтілген басты оқиғалардың бірі - Уолтер Денди атындағы нейрохирургиялық ассоциациясының (Walter E. Dandy Neurosurgical Society) X Дүниежүзілік конгресін өткізу алаңына айналуда. Мерейтойлық форумға АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД және Таяу Шығыстағы жетекші нейрохирургтарды қоса алғанда, 20 елден 400-ден астам делегат қатысуда.

Конгресс — нейрохирургия саласында халықаралық деңгейде танымал көшбасшы, Уолтер Дэнди қауымдастығының негізін қалаушы және халықаралық клиникалық стандарттарға айналған көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, Ассоциацияның Жаһандық Президенті — профессор Салим Абдулрауфтың (Salim Abdulrauf) жетекшілігімен өткізілуде.

Walter E. Dandy ассоциациясы 2011 жылы АҚШ-та заманауи нейрохирургияның негізін қалаушылардың бірі — доктор Уолтер Эдвард Дэндидің құрметіне құрылды. Ұйым құрылған сәттен бастап бүкіл әлемде озық тәжірибені насихаттауға, ғылыми біліммен алмасуға және нейрохирургиялық көмек деңгейін арттыруға бағытталған. Қазақстанда X Конгресс өткізу отандық нейрохирургияның жетістіктерін мойындау және жоғары халықаралық сенімнің айғағы.

Іс-шараның екі күндік бағдарламасында 40-тан астам ғылыми баяндамалар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен шебер-кластар бар. Ең өзекті мәселелер талқылануда: инновациялық нейрохирургиялық тәсілдер, нейрохирургияда жоғары технологияларды қолдану, күрделі тамырлы және онкологиялық патологияларды емдеу, сондай-ақ функционалдық және балалар нейрохирургиясындағы жаңа бағыттар.

«Астанада Конгресс өткізу - әлемдік аренада қазақстандық нейрохирургияны құрметтеу мен мойындаудың белгісі. Біз елімізде әлемнің үздік мамандарын құшақ жая қарсы алуға әрқашанда дайынбыз. Астана - жаһандық диалог, білім алмасу және жаңа медициналық идеялар орталығына айналуда.

Жыл сайын біздің Орталықта 5 мыңнан астам операция жасалады. Орталық сонымен қатар ғылыми қызметпен белсенді айналысады. Қазіргі уақытта Ұлттық нейрохирургия орталығы әзірлеген әдісті: омыртқа денелерін ауыстыруға арналған дербестендірілген 3D технологиялық импланттарын коммерцияландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл әдістің практикалық қызметке интеграциясы - әдістің енгізу ауқымының ұлғаюы мен масштабтау перспективаларын ашады.

Сондай-ақ, біздің Орталықта Орталық Азиядағы жалғыз радиохирургиялық кешен – «Гамма-пышақ» аппараты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оның көмегімен 2000-нан астам пациент емделді. Орталық Азия елдерінде «Гамма-пышақ» аппаратын пайдалану ауқымын кеңейту мақсатында үкіметаралық келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.», - деп атап өтті «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Уолтер Дэнди атындағы нейрохирургиялық ассоциацияның X Дүниежүзілік конгресінің Президенті, профессор Серік Ақшолақов.

Конгрестің салтанатты ашылуына Walter E.Dandy нейрохирургиялық ассоциациясының Дүниежүзілік конгресінің Жаһандық Президенті -Saleem Abdulrauf (АҚШ), ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Е.Б. Көшербаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті А.К. Күрішбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы                                  А.Қ. Аймағамбетов және Ғылыми-зерттеу институттары мен Медициналық орталықтардың бірінші басшылары қатысты.

Бағдарлама барысында (2025 жылғы 27-28 маусым):

* Әлемнің жетекші сарапшыларының 40-тан астам баяндамасын тыңдау

* Пленарлық сессиялар, шебер-кластар, жаңа әзірлемелерді талқылау

* Инновациялық клиникалық және ғылыми жобалардың тұсаукесерлері

 

Конгрестің Қазақстан үшін маңызы

Қазақстанда осындай ауқымды халықаралық іс-шараны өткізудің маңызы:

* Отандық нейрохирургияның жоғары деңгейін таныту

* Ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты нығайту

* Медицинада инновациялық тәсілдердің енгізілуін тездету

* Қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру

* Қазақстанды Орталық Азияның медициналық хабы ретінде ілгерілету


тiзiмге қайтару