Нейрохирургия орталығына — Ресей ПЕН-клубының төрағасы, жазушы Евгений Анатольевич Попов пен отандық әдебиет майталманы Роллан Сейсенбаев келді
бейсенбі, 18 Декабрь 2025
2025 жылғы 18 желтоқсанда Ұлттық нейрохирургия орталығына құрметті қонақтар — Ресей ПЕН-клубының төрағасы, жазушы Евгений Анатольевич Попов пен Қазақстанның Халық жазушысы, отандық әдебиет майталманы Роллан Сейсенбаев келді.
Сапар барысында қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен, оның клиникалық, ғылыми және білім беру жұмыстарымен, сондай-ақ нейрохирургиялық практикада қолданылатын заманауи технологиялармен танысты. Келген қонақтар мен Орталықтың резиденттері арасында жанға жылулық сыйлайтын керемет кездесу өтті, кездесу аясында резиденттер қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, кәсіби және өмірлік құндылықтарға өз көзқарастарымен бөлісті, таңдаған мамандық жолын ең алдымен адамның жолы, содан кейін кәсіпқой ретінде қарастырды.
Сапар пәнаралық диалогты дамытуға, гуманитарлық және кәсіби байланыстарды нығайтуға, медицина мен өнер өкілдері арасындағы мәдени және зияткерлік өзара қарым - қатынасты кеңейтуге бағытталған.







