Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің кішкентай пациенттерін келе жатқан Жаңа жылмен Dishi.kz. жиһаз студиясының ұжымы құттықтады

сейсенбі,  23  Декабрь  2025

Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің кішкентай пациенттерін келе жатқан Жаңа жылмен Dishi.kz. жиһаз студиясының ұжымы құттықтады.

Мерекелік бағдарлама балаларға Аяз Ата, Ақшақар және Лабубудың қатысуы жаңа жылдық ерекше ыстық көңіл-күй сыйлады. Кішкентай пациенттер көңілді ойындарға қуана қатысты, әсем музыкаға биледі, ән шырқады,  Аяз Атадан керемет сыйлықтар алды.

Балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа жылмен «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы, академик Серік Қуандықұлы Ақшолақов құттықтады. Өз құттықтауында ол балаларға мерекелік көңіл-күй, тезірек сауығып, үйге қуанышпен оралуды, сондай-ақ балалардың дені сау, бақытты болып өсіп, болашақта еліміздің дамуына өз үлестерін қосуын тіледі.

Әрбір кішкентай пациент Dishi.kz. жиһаз студиясы дайындаған сыйлықтарға ие болды.

Ұлттық нейрохирургия орталығы бүгінгі мерекелік ертеңгіліктің барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс білдіреді. Біздің кішкентай пациенттеріміз үшін осындай игі және мағыналы іс-шараларды ұйымдастыруда бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқан «Дар» қоғамдық қорына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Жаңа жыл қарсаңында барлық пациенттер мен олардың отбасыларына денсаулық, бақыт, амандық және алдағы жылы жаңа жетістіктер тілейміз!

 


тiзiмге қайтару