Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ұлттық нейрохирургия орталығында жұмыс сапарымен болды

бейсенбі,  5  Февраль  2026

Бүгін, Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова келді. Жұмыс сапары барысында Министр жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға бағытталған Орталықтың негізгі жобаларының бірі-гибридті нейрохирургиялық операция бөлмесінің құрылысы барысымен танысты.«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ақшолақов Серік Қуандықұлы жобаны іске асырудың ағымдағы кезеңімен таныстырып, орындалған құрылыс жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ, жұмыс сапар аясында Министрдің Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымымен кездесуі өтті, оның барысында Орталықтың қызметі, нейрохирургиялық қызметті одан әрі дамыту және заманауи медициналық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Ақмарал Шәріпбайқызы Ұлттық нейрохирургия орталығының амбулаториялық және стационарлық пациенттерімен сөйлесті. Министр медициналық көмек алу жағдайлары мен ауруханаға жатқызу процесі және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы сұрады. Пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі шеңберінде емделіп жатқанын хабарлады, емделуге жатқызылу қиындықсыз ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, пациенттер Орталықтың дәрігерлерінің, сондай-ақ орта және кіші медициналық персоналдың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.
Қоғамдық «Қазақстан халқына»  қоры мен «Халық» жеке қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан гибридті нейрохирургиялық операциялық бөлме құру жөніндегі қайырымдылық жоба Қазақстан Республикасындағы нейрохирургиялық қызметті дамытуға және бас миының күрделі патологияларын емдеудің заманауи әрі қауіпсіз әдістерін енгізуге бағытталған.

Гибридті нейрохирургиялық операция бөлмесі эндоваскулярлық және ашық микрохирургиялық араласуларды пациентті тасымалдауды және анестезия уақытын ұлғайтуды қажет етпей, интраоперациялық бақылау мүмкіндігімен бір операциялық кеңістікте жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл асқыну қаупін азайтады және емдеу қауіпсіздігін арттырады.

Ақшолақов Серік Қуандықұлы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы: «Гибридті нейрохирургиялық операция бөлмесін құру-Қазақстанда заманауи нейрохирургияны дамытудағы маңызды қадам. Бұл жоба микро және эндоваскулярлық хирургия мүмкіндіктерін бір операциялық кеңістікте біріктіруге, асқыну қаупін азайтуға және мидың неғұрлым күрделі тамырлы және ісік патологиялары бар пациенттерді емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді».

Жоба аясында мидың қан тамырлары аурулары, ісіктер, қан кетулер, функционалдық бұзылулар және басқа да күрделі патологиялар кезіндегі операцияларды қоса алғанда, жоғары технологиялық нейрохирургиялық араласулардың кең спектрін орындау жоспарлануда.

Жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 21 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 маусымға дейін белгіленген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 85% орындалды. Медициналық жабдықтардың құрылысын аяқтау және монтаждау 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру нейрохирургиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.



тiзiмге қайтару