Ағымдағы жылдың 17–19 желтоқсан күндері Ұлттық нейрохирургия орталығында Госпитальдық фармация бөлімі ұйымдастырды
жұма, 19 Декабрь 2025
Ағымдағы жылдың 17–19 желтоқсан күндері Ұлттық нейрохирургия орталығында Госпитальдық фармация бөлімі ұйымдастырған «Стационарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шара барысында Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің басшысы Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі туралы, сондай-ақ Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді қолдану қағидаттары жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Мастер-классқа Алматы қалалық перинаталдық орталығынан және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» КМК-дан келген 12 маман қатысты. Қатысушылар қатарында директордың орынбасарлары, бас және аға мейіргерлер, дәрігер-эпидемиолог, клиникалық фармаколог-дәрігер, дәріхана меңгерушісі, бухгалтерлер, кадр қызметінің мамандары, провизорлар мен фармацевтер болды.Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Ұлттық нейрохирургия орталығының Госпитальдық фармация бөлімі базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам маман білім алды. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды ұтымды пайдалану тәжірибесі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарындағы, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда белсенді түрде қолданылуда.







