10-14 наурыз аралығында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ дәрігерлері жұмыс сапарымен Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасына барды

дүйсенбі,  16  Март  2026

Ағымдағы жылдың 10-14 наурыз аралығында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ дәрігерлері жұмыс сапарымен Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасына барды. Сапар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның халыққа консультациялық-диагностикалық, практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде өтті.

Ұлытау облысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар нейрохирургі, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Өлеңбай Ғабит Ілиясұлы, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің аға ординаторы, нейрохирург-дәрігер Дүйсембаев Серік Рашидұлы, Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Қадырбеков Ғалымжан Ерболұлы, сондай-ақ Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Нурали Нұржанұлы Әшіров сияқты мамандар тобы барды.

Сапар барысында бірқатар күрделі операциялар жүргізілді:

- 3 тамырлы нейрохирургиялық операциялар (ми тамырларының эмболизациясы және ангиографиясы);

— 1 күрделі балалар операциясы-8 айлық нәрестедегі поликистозды эндоскопиялық емдеу;

-    жұлын патологиясына байланысты 6 операция, соның ішінде жарақаттар, жарық дискілері және стеноздар.

Сонымен қатар, мамандар 20-дан астам амбулаториялық науқастарға кеңес берді. Операция жасалған барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Мұндай көшпелі сапарлар тек операциялар мен консультациялар ғана емес, сонымен қатар пациенттерге дертке дауа, жанға шипа сыйлау, әріптестермен тәжірибе алмасу және өңірлерде медициналық көмектің сапасын бірге арттыру мүмкіндігі болып саналады.


тiзiмге қайтару