Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқаралық диск жарығы бар жүкті пациентке сәтті операция жасады
жұма, 29 Май 2026
Жүкті пациент жүктіліктің 30-шы аптасында бастапқыда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға арқа мен аяқтың қатты ауырсынуы туралы шағымдармен түсті. Айқын ауырсыну синдромына байланысты әйел іс жүзінде өздігінен қозғала алмады.
Жағдайдың күрделілігіне байланысты №2 КБҚА дәрігерлері кеңес алу және одан әрі көмек алу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына жүгінді. Пациенттің жағдайын тексеріп, бағалағаннан кейін оны Ұлттық нейрохирургия орталығына жедел ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Емдеудің одан әрі тәсілін анықтау үшін Ұлттық нейрохирургия орталығының Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері және «Ана мен бала» орталығының мамандарының қатысуымен шұғыл консилиум өткізілді.
Консилиум қорытындысы бойынша ультрадыбыстық нейронавигациялық жүйені қолдана отырып, омыртқаралық диск жарығын микрохирургиялық алып тастау операциясын жүргізу туралы шешім қабылданды. Хирургиялық араласу барысында ұрықтың жағдайы мен жүрек соғысын бақылаған акушер-гинеколог дәрігерлер де қатысты.
«Операция сәтті өтті, омыртқаралық диск жарығы толығымен алынып тасталды», — деп атап өтті операция жасаған нейрохирург Нұржан Әбішев.
Операциядан кейін пациент өзін қанағаттанарлық сезінеді және палатаға ауыстырылады. Қазіргі уақытта пациент өздігінен қозғалады. Әйелдің айтуынша, қатты ауырсыну айтарлықтай төмендеген. Пациентке төсек режимі және одан әрі мамандарда бақылану ұсынылады.
Пациенттің өзі де өз әсерлерімен бөлісті:
«Менің атым Жаңылсын, мен Астана қаласынанмын. Ұлттық нейрохирургия орталығына мен жедел түрде омыртқаралық диск жарығы диагнозымен келдім. Арқа мен аяқтарымда қатты ауырсынуға байланысты мен өздігімнен жүре алмадым. Операцияны қауіпсіз жүргізу үшін дәрігерлердің үлкен консилиумы өткізілді. Операциядан кейін мен үлкен жеңілдікті сезіндім-қатты ауырсыну жоғалды. Енді мен белгіленген мерзімде кесарь тілігіне дайындаламын. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне, нейрохирургтарға, «Ана мен бала» орталығының акушерлеріне және барлық медициналық қызметкерлерге кәсібилігі, қамқорлығы мен көмегі үшін алғыс айтқым келеді».
Бұл жағдай Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жүкті пациенттерге ананың да, туылмаған баланың да денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, күрделі нейрохирургиялық операциялар жасауы бірінші рет емес екендігін айта кету керек.







