Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды
бейсенбі, 18 Июнь 2026
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Клиникалық фармакология және фармация бөлімінің бастығы Айгүл Төлепбергенова «Парасат» орденімен, ал Операциялық бөлімшенің меңгерушісі Серік Кәрібай «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріне саулық, отбасыларына амандық және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!







