Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің Ата Заңы күшіне енді
сәрсенбі, 1 Июль 2026
Бүгін, 1 шілдеде, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің Ата Заңы күшіне енді. Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматына нейрохирургиядан бастап репродуктологияға дейінгі жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімді болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Ұлттық нейрохирургия орталығы еліміздің түкпір-түкпірінен келетін пациенттерге көп жылдан бері жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп келеді. Орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында заманауи технологияларды қолдана отырып, аса күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалады.
Соның бір дәлелі – Алматы қаласынан келген 28 жастағы ми ісігі диагнозы қойылған пациент. Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары нейронавигациялық жүйені пайдалана отырып, сегіз сағатқа созылған күрделі операцияны сәтті орындады. Заманауи жоғары технологиялық жабдықтар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ісік толық алынды. Бүгінде Ұлттық нейрохирургия орталығы гибридті операциялық бөлме, заманауи нейронавигациялық жүйелер, интраоперациялық визуализация және «Гамма-пышақ» радиохирургиялық кешені сияқты озық технологиялармен жабдықталған.
Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес аса күрделі нейрохирургиялық операцияларды жасауға, операциялардың дәлдігін арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және емдеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.







