Алып менингиома: Ұлттық нейрохирургия орталығында көлемі 15 см-ге дейінгі ісік алынды
дүйсенбі, 17 Август 2026
Ұлттық нейрохирургия орталығында Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 74 жастағы науқас әйелге сол жақ маңдай-төбе-самай аймағындағы қалыптан тыс алып менингиомаға байланысты күрделі екі кезеңді хирургиялық ем жүргізілді.
Өлшемі 12×14×15,94 см болатын ісік бассүйектен тыс таралып, мидың айқын қысылуын және оның ортаңғы құрылымдарының ығысуын туындатқан. Науқастың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері 2019 жылы пайда болған. Ісік өсе берген, ал соңғы айда бассүйектің асимметриясы байқалды. Түзілу мөлшері мен оның қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең-супер селективті церебральды ангиография және ісік тамырларының рентгендік-эндоваскулярлық ішінара эмболизациясы. Процедураны қан тамырларын емдеу бойынша нейрохирургтар Нұрсұлтан Махамбетов пен Бауыржан Қонақбаев орындады. Екінші кезең - нейронавигацияны қолдана отырып, алып ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау. Сонымен қатар, мидың қатты қабығына пластика жасалып, титан пластинасын қолдана отырып, бір мезгілде краниопластика жүргізілді.
Нейрохирург Айдос Молдабеков профессор Нұржан Рыскелдиевтің басшылығымен операцияны орындады. Асқынулардың күрделілігі мен жоғары қаупіне қарамастан, мамандар үлкен мөлшердегі ісікті алып тастап, бассүйек сүйектерін қалпына келтіре алды. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында және операциядан кейінгі оңалтудан өтуде. Емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жүргізілді.







