2017 жылғы 27 наурыз бен 14 сәуір аралығында Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні қарсаңында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Паркинсон ауруымен ауыратын және қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар пациенттер үшін тегін консультациялар өткізеді

дүйсенбі,  27  Март  2017

2017 жылғы 27 наурыз бен 14 сәуір аралығында Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні қарсаңында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Паркинсон ауруымен ауыратын және қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар пациенттер үшін тегін консультациялар өткізеді.
Қабылдау жүргізеді:
Ахметжанов Вадим Қазбекұлы – дәрігер-невролог, Паркинсон ауруы және қимыл-қозғалыс бұзылыстарын диагностикалау мен емдеуге маманданған біліктілігі жоғарғы санатты дәрігер.
Кайыржанов Рауан Багданұлы – дәрігер-невролог, Паркинсон ауруы және қимыл-қозғалыс бұзылыстарын диагностикалау мен емдеуге маманданған, Неврология Лондон Корольдік институтының неврология бойынша магистратура түлегі.
Шашкин Шыңғыс Сақаұлы – дәрігер-нейрохирург, функциональды және стереотаксиялық нейрохирургия саласында маманданған, медицина ғылымдарының кандидаты.
Дәрігердің қабылдау уақыты сағат 9.00 - 19.00 дейін. +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00, +7 747 511 60 00 телефондары бойынша қабылдауға міндетті түрде алдын – ала жазылу керек.
Мекенжайымыз: Астана қ., Тұран даңғылы 34/1, www.neuroclinic.kz.


тiзiмге қайтару