Ұлттық нейрохирургия орталығының көшпелі дәрігерлер бригадасы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейді
бейсенбі, 20 Апрель 2017
Ұлттық нейрохирургия орталығының көшпелі дәрігерлер бригадасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған «Жоғары технологиялар күндері» акциясының шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейді. Оның құрамында ҚР ДСМ бас штаттан тыс нейрохирургі, «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов, функционалды нейрохирургия тобының басшысы Чингиз Шашкин, балалар нейрохирургі Абай Исканов. «Жоғары технологиялар күндері» акциясының шеңберінде Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері тұрғындарға кеңес беріп, нейрохирургия саласындағы емдеудің заманауи технологияларымен бөліседі. «Жоғары технологиялар күндері» акциясы Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру шеңберінде өткізіліп отыр. МӘМС-ты ендіру дәрігерлік көмекке мұқтаж барлық жандар үшін қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Акция осы жылғы сәуірдің 17-нен мамырдың 31-не дейін өтеді.







