Ұлттық нейрохирургия орталығы балалар бөлімшесінде емделуде жатқан балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

бейсенбі,  1  Июнь  2017

Ұлттық нейрохирургия орталығы балалар бөлімшесінде емделуде жатқан балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Балаларды мерекесімен құттықтауға қонақтармен бірге көңілді клоундар келді. Балалар мен олардың ата-аналары көңілді ойындарға, әсем билерге шын көңілдерімен қатысып, таңқаларлық фокустар мен күлкілі әзілдердің көрермені болды. Қонақтар балаларға керемет көңіл күй мен жағымды әсерлер ғана емес, сыйлықтар мен тәттілер сыйлады, олардың тез жазылып кетуін, аңсаған армандарының орындалуын тіледі.
Бүгінде балалар нейрохирургиясы бөлімшесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 23 пациент ем алып жатыр. Ең кішісі бір айдан асса, үлкені-16 жаста. Бұл балалар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі өте күрделі патологияларымен емделуде.
Ұлттық нейрохирургия орталығы Астана қаласының ІІД Тергеу басқармасына, «Дари добро» тобының жетекшісі» Ботагоз Айдабуловаға, Гүлнадия Қасымбековаға, «Спутник Казахстан» АА корреспонденті Юлия Кузнецоваға, «Алина Г.О.» ЖК директоры Гульназ Алинаға балаларға арналған мерекені ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді!


тiзiмге қайтару