«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды
дүйсенбі, 5 Июнь 2017
Академик атағы Серік Қуандықұлының отандық нейрохирургияны дамытуға қосқан үлесін мойындау болып табылады. Ол 2008 жылы Ұлттық нейрохирургия орталығының негізі қаланғаннан бастап басқарып келеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас нейрохирургі болып табылады.
Серік Ақшолақов Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Академик Бурденко атындағы Нейрохирургия ҒЗИ құрметті профессоры болып табылады. 2005 жылы «Платиналық Тарлан» жоғары тәуелсіз сыйлықтың лауреаты болды. Сол жылы Дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығы оған «Әлемнің қамқоршы дәрігері» атағын берді. 2008 жылы «әлемдік медицинаны дамытуға теңдесі жоқ үлес қосқаны үшін» аса көрнекті хирург Николай Пирогов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты болды. «Қазақстандағы Жыл адамы» атағының иегері болып екі рет атанды. 2010 жылы ҚР Президенті «Парасат» орденімен, 2016 жылы «Отан» орденімен марапаттады.
Серік Ақшолақов ҚР ҰҒА академигі атағын алған бірінші қазақстандық нейрохирург болды. Серік Қуандықұлы ғылым мен практикалық медицинаны ойдағыдай қатар алып жүреді, оның басшылығымен және тікелей қатысуымен бұрын соңды Қазақстанда жасалынбаған 60-тан аса жаңа технология ендірілді, 25 кандидаттық және 5 докторлық диссертация дайындалды және қорғалды. 300-ден аса ғылыми жұмыс (оның 80 шетел журналдарында), оның ішінде 13 монография жарияланды. С. Ақшолақов 13 патентке автор болып табылады.
Орталық ұжымы Серік Қуандықұлын ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атағының берілуімен шын жүректен құттықтай отырып, одан әрі толассыз табыс және жаңа ғылыми жетістіктер тілейді!







